Африкада «Эбола» вирусынан қаза тапқандар саны 337 адамға жетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Африкада «Эбола» вирусынан қаза тапқандар саны 337 адамға жетті, деп жазады 24.kz.
Африкадағы індеттің таралу деңгейі өз шегіне жеткен. Мамандар белсенді саяси көмек көрсетілмесе, қатерлі ауру басқа аймақтарға кеңінен таралуы мүмкін деп отыр.
Індет Батыс Африкада орналасқан Гвинея, Либерия және Сьерра-Леооне елдеріндегі адамдардың өмірін жалмап үлгерген. Қазір бұл аймақта «Шекарасыз дәрігерлер» халықаралық ұйымының 40 қызметкері жұмыс істеуде.
Еуропалық комиссия сәуірде «Эбола» вирусымен күресуге 1 млн. еуродан астам қаржы мен арнайы құрал-жабдық бөлетінін хабарлаған.