Африкада елді интернет және сумен қамтамасыз ететін 15 тонналық компьютер жасалды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Еуропалық Watly стартабы маусым айына қарай Африка тұрғындарын сумен, электр қуатымен және интернетпен қамтамасыз етуге бағытталған 15 тонналық компьютердің үшінші нұсқасын құрастыруды жоспарлап отыр. Бұл туралы Quartz жазады.
Watly компьютерінің биіктігі - шамамен 2 метр, ұзындығы - шамамен 40 метр. Ол күн батареялары арқылы жұмыс істейді. Әрі бөлшектері қызған кезде суды жоғары қысыммен буға айналдырып тазарта алады. Жылдық қуаты - 3 миллион литр. Жоба авторларының бірі Марко Аттисанидің айтуына қарағанда, әр машина 15 жыл үздіксіз жұмыс жасауға шақталған.
Watly 500 метр радиуста Wi-Fi тарата алады. Сонымен қатар әр машинада ғаламторға тікелей қол жеткізу үшін тачскриндер орнатылған.
Аппараттың бірінші нұсқасын Аттисани компаниясы үш жыл бұрын жасады. 2015 жылдың соңында Discovery телеарнасы Ганадағы ауылдардың бірінде Watly-ды орнатып, аталған құрылғыны жергілікті тұрғындардың қалай қолданғанын бақылады.