Африкада ерлер қатарына қабылдайтын сынақтан өте алмаған 26 жасөспірім қаза тапты
АЛМАТЫ.ҚазАқпарат - Оңтүстік Африка Республикасында ерлер қатарына қабылданатын сынақтан өте алмаған 26 жасөспірім мерт болып, 104 бозбала ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды Лента.ру.
Қазір аталған ғұрыпты ұйымдастырған 7 адам тұтқындалды.
Жасөспірімдердің денсаулығына түрлі дәрежеде залал келтірілген. Атап айтқанда, сүндеттеуден кейін түрлі инфекциялық дерттер қозған.
Елдегі дәстүрлі қоғам ісі бойынша министрлік мұндай келеңсіз ғұрыптың тамырына балта шабу керектігін айтты. Бірақ өткен жылы да бірнеше адамның өлімінен кейін мемлекет басшысы да бұған тыйым салу керектігін мәлімдеген болатын.
Жыл сайын 10 мыңдаған бозбала ерлер қатарына қабылдану үшін қатаң сынақтардан өтеді. Олар үш апта бойы түрлі тест тапсырады, ыстық-суыққа төзімділігі тексеріледі.