Африкада паспорттары тәркіленген қазақстандықтар елге қайтарылды

Қозоғистон ва Саудия Арабистони дипломатик паспорт эгаларини виза талабларидан озод қилди
Фото: Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM – Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров кезекті брифингте Африкада паспорттары тәркіленген қазақстандықтар елге қалай қайтарылғанын айтты.

«Осыдан бірнеше апта бұрын Нигер астанасы Ниамейде Қазақстанның 2 азаматы ұсталды деген ақпарат түсті. Қазақстанның Мысырдағы консулымыз дереу сол қалаға ұшып барды. Ол Нигердің Сыртқы істер және ішкі істер министрліктерінің, Қарулы Күштері бас штабының басшылығымен кездесулер өткізді. Кездесу барысында Қазақстан тарапы «Біздің азаматтарды дереу жіберу, паспорттарын қайтарсын» деп талап қойған. Әрине, ол елге қандай мақсатта барғанын, не үшін паспорт алғанын не сол елдің билігі, не біздің азаматтар түсінбеген. Бірақ осыған қарамастан Қазақстан ресми түрде сол елдің билігіне нота жіберді», - деді СІМ ресми өкілі журналистің сұрағына берген жауабында.

Оның сөзінше, аталмыш істің реттелуіне аталмыш елдің сыртқы істер ведомствосы да атсалысқан.

«Нигер Сыртқы істер министрлігінің көмегімен біздің азаматтардың төлқұжаттары қайтарылды. Биыл 26 ақпанда олар Қазақстанға оралды», - деді Айбек Смадияров.

Еске салсақ, Айбек Смадияров бұған дейін де төлқұжатын Нигер әскерилері тәркілеген қазақстандықтар туралы пікір білдірген болатын

Соңғы жаңалықтар