Африкада су тасқынынан 46 адам мерт болды

АММАН. ҚазАқпарат – Африка құрлығының оңтүстік-шығыс жағалауында «Ана» тропикалық дауылынан су тасқыны болып, 46 адам мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі АР-ға сілтеме жасап.

Африкада су тасқынынан 46 адам мерт болды

Циклон салдарынан су тасқыны болып, электр жарығы сөнген және адамдар қаза тапты.

«Алдын ала бағалау бойынша, табиғи апат салдарынан 46 адам қаза болып, 49-ы түрлі жарақат алды, 65 мың адам баспанасыз қалды. Жалпы, Ана салдарынан 500 мыңнан астам адам зардап шекті», - делінген Мадагаскар, Мозамбик және Малави билігінің мәлімдемесінде.

Малавидің оңтүстігінде су тасқынынан көптеген үйлер қирады. . Адамдар шіркеу мен мектептерді паналауда. Қазіргі таңда іздеу-құтқару тоды құрылып, адамдарға көмек көрсетіліп жатыр.

Авторы: Арсен Утешев