Африкадағы 3 000 000 ашыққан жанға ас таратылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қасиетті рамазан айы басталғалы Ислам ұйымдары Африка құрлығындағы көмекке мұқтаж жандарға мейлінше көмектесіп, ауызашар мен сәресі дастархандарын ұйымдастырып келеді, деп хабарлады www.muslim.kz.

Африкадағы 3 000 000 ашыққан жанға ас таратылады

Қазіргі уақытта Оңтүстік Африка Республикасы, Малави және Мозамбик мемлекеттерінде азық-түлік сөмкелерін үлестіріп шыққан. Бұдан бөлек, олар қара құрлықтағы 29 мемлекетке де көмек қолын созып, ауызашар мен сәресі дастарқандарын жаятын болады.

Қасиетті рамазан айында Оңтүстік африкалық агенттік жалпы саны 3 000 000 жанды тамақтандыруды жоспарлап отыр.