Африкаға Эбола вирусымен күресу үшін АҚШ-тан мамандар барады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Американың ауруларды бақылау және алдын алу орталығының директоры Томас Фриден бір ай көлемінде кем дегенде денсаулық сақтау саласының 50 сарапшысын Батыс Африкаға Эбола эпидемиясының таралуымен күресуге жібермек.
Фриденнің сөзіне қарағанда, қадағаланбайтын вирустың жайылуына қарамастан, эпидемияны тоқтатуға көмектесетін қарапайым алдын алу ережелері бар.
Биылғы жылы Гвинеяда, Сьерра-Леон мен Либерияда вирустан 700-ден астам адам қаза болды. Фридманның сөзіне қарағанда, Либерияда Эбола вирусын жұқтырған америкалық дәрігер АҚШ-та емделуден өтіп, сауығып келеді.
Алдағы уақытта АҚШ-қа тағы бір осы вирусты жұқтырған адам жеткізіледі деп күтілуде.