Африкалық азамат Меккеде өзін Иса Пайғамбармын деп жариялады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сауд Арабиялық БАҚ-тың хабарлауынша, жақында мұсылмандардың қасиетті жері Меккедегі Әл-Харам мешітінің жанында африкалық азамат жөн-жосықсыз айқайлап, өзін Иса Пайғамбармын деп жариялаған, деп хабарлайды muslim.kz.
None
None

Әл-Харам мешітінің қауіпсіздік күштері қолбасшысының сөзіне қарағанда, ер адам айқай шығарғанмен қоса үстіндегі киімін жыртып, орындықпен шамды сындырған. Одан кейін ол қажылыққа келгендерді ұрған. Полиция қызметкерлері бұзақыға бірден бұғау салды.

Ессіз азаматтың бұл қылығы түсірілген видео әлеуметтік желілер арқылы тез тарап кетті. Солардың біреуінде ол киімін жыртып, орындықпен шамды ұрып сындырғаны көрініп тұр. Кейін полиция өкілдері аталған азамат психикалық ауруға шалдыққанын хабарлады. Ол құзыретті органдарға тапсырылды.

Соңғы жаңалықтар