01:44, 06 Маусым 2014 | GMT +5
Африкалық елдердің бірінде СМС хабарламалар жіберуге тыйым салынды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Орталық-Африка республикасының уақытша үкіметі ереуілшілердің жаппай ақпарат жіберу кампаниясына қарсы тұру үшін ел ішінде СМС хабарламалардың таратылуына тыйым салу жөнінде шешім шығарды, деп хабарлайды Би-Би-Си.
Мемлекет басшылығы ереуілшілердің таратып жатқан хабарламаларында ел астанасы Банги қаласында жаппай наразылық таныту жөнінде үндеулер бар деп отыр.
Биліктің айтуынша, шектеу салу елдегі ұлтаралық және дінаралық қақтығыстарды тоқтатып, бейбітшілік орнатуға септеседі. Қазіргі уақытта СМС жіберуге талпынған ОАР тұрғындарының қалта телефонына "СМС-ке тыйым салынған" деген француз тіліндегі жауап келеді. Биліктің хабарламаларында атап көрсетілгеніндей, бұл тыйым бірнеше күннен кейін алынып тасталады.