Африкалық одақ комиссиясын тұңғыш рет әйел басқарады

АСТАНА. 16 шілде. ҚазАқпарат - Оңтүстік Африка Республикасының ішкі істер министрі Нкосазана Дламини-Зума Африка одағы комиссиясының төрайымы атанды, деп хабарлады Би-Би-Си. Осылайша одақтың тарихында алғашқы рет оны әйел басқармақ.

Африкалық одақ комиссиясын тұңғыш рет әйел басқарады

Н.Дламини-Зума Оңтүстік Африка Республикасының президенті Джейкоб Зуманың бұрынғы әйелі. Ол бұл лауазымда Габонды таныстыратын Жан Пингты басып озды, деп хабарлады РБК. 

Африка одағы - халықаралық үкіметаралық ұйым, ол Африканың 54 мемлекетін біріктіреді. 2002 жылы негізі қаланған.