Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Африканың батысын аштық жайлады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Африканың батыс бөлігінде ондаған мың адам аштан өлудің аз-ақ алдында тұр.

Африканың батысын аштық жайлады

Бұл туралы БҰҰ-ның осы аймақтағы мәселелер жөніндегі өкілі мәлімдеді.

Аш құрсақ аудандардың көбі «Боко Харам» лаңкестік тобының бақылауында. Халықаралық ұйым мүшелерінің бағалауынша, аштық жайлаған аудандарда адамдардың жаппай қырылу қаупі төніп тұр. Олардың дені - кәмелетке толмағандар. Егер көмек жеткізілмесе, бір ғана Борно штатының өзінде жыл соңына дейін 50 мың адам аштық құрбаны болуы мүмкін. Мұнда емханалардың үштен екісі жабылып қалған. Ауызсу құбырларының төрттен екісін жаңарту керек. БҰҰ-ның есебінше, осы кем-кетіктің барлығын жою үшін шамамен 300 миллион доллардан астам қаржы қажет.

 «Хабар 24»