Аға сержант К.Головатый мемлекеттік тілді жетік білетін әскери атанды (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Қорғаныс министрлігінде мемлекеттік тілді жетік меңгергендерді анықтау үшін «Мемлекеттік тіл - менің тілім» атты байқау өтті.
None
None

«Аталған байқауға Құрлық әскерлерінің, Әскерлерді пәтерлерге орналастыру бас басқармасының, Байланыс бас басқармасының, Әскери полиция бас басқармасының, Спорт комитеті - Армия орталық спорт клубының және 14776 әскери бөлімінің ұлты қазақ емес әскери қызметшілері қатысты», делінген министрліктің хабарламасында.

Байқау қорытындысы бойынша бірінші орынды 55765 әскери бөлімінен аға сержант Константин Головатый жеңіп алды. Екінші орын - ҚР ҚК Құрлық әскерлерінің бас қолбасшылығының әскери қызметшісі аға лейтенант Тимур Хурсанбекке, ал үшінші орын - ҚР ҚК Әскери полиция бас басқармасының әскери қызметшісі капитан Хурсанбек Махмудовқа бұйырды.

Байқау үш кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде қатысушылар М.Мақатаевтың өлеңдерін жатқа оқыса, екінші «Полиглот» кезеңінде сайысты, ал үшінші кезеңде үй тапсырмасының сұрақтарына жауап беруден жарысты. Байқаудың әр кезеңдерінде әскери қызметші сөз сөйлеу мәнері мен шеберлігін, әдеби тіл байлығы мен сөздік қорын көрсетуі тиіс болатын.

ҚР Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері үшін мемлекеттік тілді үйрену мүмкіндігі бар екенін айта кеткен жөн. Әскери қызметшілер бір деңгейден екінші деңгейге өтіп отыруына байланысты жылда оқитындар саны өзгереді, ал қазақ тілінің тереңдетілген курсын аяқтағандар оқуды тәмамдайды. Тілді даярлау үш деңгейде өтеді. Олар - бастапқы, жалғастырушы және тереңдетілген деңгейлер. Мемлекеттік тілді офицерлер мен қызметкерлер ғана емес, сонымен қатар ҚР Қарулы күштерінің басшылық және командалық құрамы да оқиды.

null null null null null null 

Соңғы жаңалықтар