Ағадыр кентінің тұрғындары ҚР Президентімен «тікелей желіге» хабарласқанда Ағадыр ауданын қалпына келтіру туралы өтініш білдірді

sp;ҚАРАҒАНДЫ. Қарашаның 9-ы. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Қарағанды облысында 90-шы жылдары жабылған Ағадыр ауданын қалпына келтіру туралы Ағадыр стансысының тұрғындары өтініш білдірді.

Ағадыр кентінің тұрғындары ҚР Президентімен «тікелей желіге» хабарласқанда Ағадыр ауданын қалпына келтіру туралы өтініш білдірді

«Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы, 1973 жылы жетпіс мың тұрғын халқы бар Ағадыр ауданы құрылған еді, орталығы Ағадыр кенті болатын. Аймақ тұрғындары мұны көктен түскен бақытқа балап, Аллаға және ел Үкіметіне ризашылығын білдірді», - дейді кент тұрғындары өткен күндерден сыр шерте отырып.

«Кент тұрғындарының қуанышы 1997 жылға дейін созылды. Осы жылы Ағадыр ауданы Шет ауданымен біріктірілді, аудан орталығы он екі мың тұрғыны бар Ағадырдан теміржолға 100 шақырым қашық жерге орналасқан үш мың тұрғыны бар Ақсу-Аюлыға көшірілді. Ал Ағадыр «Астана - Алматы» бағытының күре жолына орналасқан», - деп өз уәждерін келтірген ағадырлықтар.

Олар Шет ауданынан бөліне отырып, Ағадыр ауданын қалпына келтіру мүмкіндігін қарау жөнінде Мемлекет басшысына өтініш білдіреді.