Ағамды соққыға жықты - Алматы полициясы желіде тәртіп сақшыларының ісіне шағымданғандарға жауап берді
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда жазадан құтыламын деп, полициядан жасырынып жүрген қылмыскер ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Желіде қала тұрғыны құқық қорғау органдарының қызметкерлерінің үстінен шағымданды.
«Бүгін біздің үйге белгісіз біреулер кіріп кетті. Ағам екеуімізді соққыға жықты. Тәтем жүгіріп келген кезде, «опермыз» деп өздерін таныстыра бастады. Жүгіріп әкеліп өз құжаттарын көрсетті. Олар ағамды соғып тастап, белгісіз жаққа алып кетті. Бұл не масқара? Олар қызметтік міндеттерін неге жоғары пайдаланады?» деп жазды желі қолданушысы.
Алматы полициясы бөтеннің мүлкін ұрлау оқиғасын зерттеу аясында 2005 жылы туған З. есімді күдіктінің жеке басы анықталғанын хабарлады. Ол жазадан құтыламын деп, полициядан жасырынып жүрген.
«Жедел-іздестіру іс-шарасын жүргізу кезінде күдіктінің жасырынған үйі анықталды. Ол ұсталды. Өзінің кінәсін толық мойындады. Қылмыстық іс ҚР ҚК 188-бабы бойынша тергелуде. Ұрланған мүлік тәркіленді.
Қазіргі уақытта күдіктінің басқа да қылмыстық эпизодтарға қатысқаны тексерілуде», - деп хабарлады Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Полицияда сондай-ақ күдіктіні мен оның туыстарын ұрып-соғу туралы ақпарат шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.
«Полиция бөлімшесіне жеткізілген кезде күдікті медициналық куәландырудан өтті. Оның денесінде қандай да бір дене жарақаты болған жоқ», - деп хабарлады полицияда.