Ағасы қарындасын бәссаудада сатпақ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұлыбритания тұрғыны Кайл Маалем күйеу тауып беру үшін еВау бәссаудасына өзінің қарындасын шығарды. Ер адам әйелді 50 фунтқа бағалады. Маалем бұл хабарландырудың салмақты оймен жасалғанын айтып, сатып алушыларға маңызды талаптар қойылатынын атап көрсетті, деп жазады шетелдік БАҚ.

Ағасы қарындасын бәссаудада сатпақ

Лоттың сипаттамасында Сэмми Маалемнің Лондонда дүниеге келгендігі, алайда қазір Кардиффте тұратыны және отбасылық зергерлік фирмада жұмыс істейтіндігі айтылған.

«Ол өте адал, алайда оның жігіт іздеуде жолы болмады. Сол себепті менің отбасым ол үшін жақсы жігіт табу керек деп шешті», - деп жазылған хабарламада.

Малеем оның қарындасын алғысы келетін ер адамның адал, тұрақты жұмысы бар, 27-35 жас аралығында болуы керек. Және ол отбасымен демалғанды ұнатуы және шетелдік азамат болмауы керек. Сондай-ақ, хабарламада лоттың орамада болатыны және тегін жеткізілетіні көрсетілген. Сэмми Маалем ағасының бұл ісін басында жаман әзіл деп қабылдағанын айтқан. Алайда хабарландыруды оқып ол ағасының бұл іске өте байсалды қарағанын түсінген. Қ ыз Кайлға өзіне жігіт іздеуге тырысып көруіне рұқсат берген. «Бәссауда аяқталғанда, мен жеңімпазбен кездесуге баратын шығармын. Менің ағам бұған көп уақытын кетірді. Ол мені қорғап жүреді, сондықтан мен оның пікіріне сенемін», - деп мәлімдеді қыз. Сауда 27 қазан күні аяқталды, алайда оның нәтижесі туралы ештеңе белгісіз.