03:28, 26 Қазан 2015 | GMT +5
Ағасымен жанжалдасып қалған 17 жастағы бозбала отбасын түгелдей өртеп жіберген
АСТАНА. ҚазАқпарат - Забайкалье аймағында үйін өртеп 17 жастағы бозбала ұсталды. Оқиға салдарынан 5 адам көз жұмған.

Тергеу барысында күдікті ағасымен бірге ішімдік ішіп, жанжалдасып қалғанын мойындады. Ашуға булыққан ол ішінде анасы мен әжесі және олардың екі танысы - әйел мен ер адам отырған үйге өрт қойған.
Бозбала 48 сағат өткен соң қолға түсті. Оның үстінен «Екі немесе одан да көп адамды өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, деп хабарлайды шетелдік БАҚ.