Ағасын өлтіріп, үйді өртеп жіберді деген күдікпен жасөспірім ұсталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін, 13 қазанда, РФ Забайкал өңірі Хилокский ауданы Хилогосон ауылында полиция туған ағасын өлтірді деген күдікпен жасөспірімді ұстады. Оқыс оқиға кеше кешке орын алды. Жасөспірім ағасын бірнеше рет жарақаттап өлтірген, деп хабарлайды ресейлік БАҚ.

Ағасын өлтіріп, үйді өртеп жіберді деген күдікпен жасөспірім ұсталды

Кейін ол үйді өртеген. Ауылдастары қызыл жалынмен күресіп жатқанда 17 жастағы күдікті оқиға орнынан ізін суытқан. Полиция оны ауылдан 5 шақырым жерде ұстады.

Қазір күдікті уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды.