Ағайынды Жайлауовтар 14 мамырда Астанада шаршы алаңға шықпайды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ағайындылар Роман және Даир Жайлауовтар 14 мамырда Астанада өтетін бокс кешіне қатыспайды.
«Көрме» орталығындағы шаршы алаңға бес елдің: Қазақстан, Грузия, Өзбекстан, Украина және Беларусьтің боксшылары шығады. Турнир аясында барлығы 8 жекпе-жек өтеді, олардың бірі титулдық кездесу: WBC Eurasia Pacific нұсқасы бойынша чемпиондық атақ сарапқа салынады.
Кәсіби бокс кешіндегі жұптардың құрамы:
Андеркарт
Ахмедов Али (дебют) - Крапшило Сергей (4 (3KO) -12-2)
Жартылай ауыр салмақтағы 4 рауындтық жекпе-жек (79,3 кг дейін)
Айдос Ербосынұлы (3(3KO)-0-0) - Лаша Гургулиани (7(4KO)-0-0)
Орта салмақтағы 6 рауындтық жекпе-жек (72,6 кг дейін)
Айдын Елжанов (2(1KO)-0-0) - Хвича Гиголашвили (12(2KO)-12-0
Екінші жеңіл салмақтағы 6 рауындтық жекпе-жек (55,3 кг дейін)
Сарқұлов Елдос (3-0-0) - Мамаджонов Шерзодбек (9(KO)-13-4)
Бірінші жартылай орта салмақтағы 6 рауындтық жекпе-жек (63,5кг дейін)
Шәрібаев Айдар (1(1KO)-0-0) - Мовсесян Рубен (21(16 КО)-14-1)
Жеңіл салмақтағы 6 рауындтық жекпе-жек (61,2 кг дейін)
Мырсатаев Руслан (1(1KO)-0-0) - Мадаминов Фаррух (1(1KO)-4-1)
Ауыр салмақтағы 6 рауындтық жекпе-жек (90,7 кг астам)
Нұрымбетов Берікбай(1-0-0) - Земляной Артур (1(1KO)-0-0)
Бірінші жартылай орта салмақтағы 6 рауындтық жекпе-жек (63,5кг дейін)
Басты жекпе-жек
Бекман Сойлыбаев (8(3KO)-0-0) - Николоз Кокашвили (17(7KO)-3-1)
Жекпе-жекте екінші жартылай жеңіл салмақтағы EPBC WBC нұсқасы бойынша чемпион титулы сарапқа салынады.