Агент банк «Qazaq Banki» АҚ салымшыларына өтем төлеуді жалғастырады
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры (ҚДКБҚ) «Qazaq Banki» АҚ салымшыларына агент банк арқылы кепілдік берілген өтем төлеу мерзімін 2021 жылдың 24 сәуіріне дейін ұзартты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Қазіргі уақытта ҚДКБҚ «Qazaq Banki» АҚ салымшылары алдындағы міндеттемелерінің жалпы сомасының 99 пайызын орындады. Яғни екі жылға созылған төлем барысында салымшылар 20,3 млрд теңгеге кепілдік берілген өтем алды. Бұл ретте өтем алуға бар болғаны 5,9 мың адам немесе салымшылардың жалпы санының 33 пайызы ғана өтініш берген», - деп хабарлады қордан.
«Qazaq Banki» АҚ салымшылары кепілдік берілген өтемді алу жөніндегі өтінішпен агент банктің бөлімшелеріне жүгінуге құқылы. Бұл үшін сайт немесе 5050 қысқа нөмірі бойынша анықтама қызметінен филиалдардың жұмыс кестесі туралы алдын ала біліп алуға болады.
Еске салайық, «Qazaq Banki» АҚ депозиттерінде, ағымдағы және карточкалық шоттарында ақшалары бар салымшылар кепілдік берілген өтемді алуға өтініш бере алады.
Кепілдік мөлшері:
– ұлттық валютадағы қаражаттар бойынша – 10 млн теңгеден;
– шетел валютасындағы қаражаттар бойынша (банкті мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енген күні белгіленген валюта айырбастау бағамы бойынша) – 5 млн теңгеден аспайды.
Салымшы депозиттерінің түрі мен валютасына қарай 15 млн теңгеге дейін кепілдік берілген жиынтық өтем ала алады.
Төлем сомасын есептеуге байланысты сұрақтар туындаған жағдайда, салымшылар «Qazaq Banki» АҚ тарату комиссиясына мына мекенжайлар бойынша жүгінулері қажет:
Алматы қ., Төлебаев көшесі, 38/61, «Жетісу» БО, 4 қабат (Мақатаев көш. бұрышы), телефон: +7 (727) 380 39 51;
Нұр-Сұлтан қ., Алматы ауданы, А.Иманов көшесі 11, «Нұрсәулет» БО, телефон: +7 (717) 291 92 60.