14:26, 16 Маусым 2010 | GMT +5
Агенттік тұтынушыны кейбір коммуналдық қызмет түрлерін пайдалану құқынан айыруды сот арқылы шешуге қол жеткізуді көздеп отыр
АСТАНА. Маусымның 16-сы. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Табиғи монополияларды реттеу агенттігі тұтынушыны кейбір коммуналдық қызмет түрлерін пайдалану құқынан айыруды сот арқылы шешуге қол жеткізуді көздеп отыр.

Бұл туралы бүгін Bnews.kz порталдағы он-лайн конференцияда ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің төрағасы Нұрлан Алдабергенов мәлім етті.
«Біз қазір тұтынушыны сумен қамтамасыз ету, электр энергиясынан ажыратуды тек сот шешімі бойынша соңғы шараларды қабылдауды қарастыратын норманы заңнамада жоспарлап отырмыз», -деді агенттік басшысы.
Н. Алдабергеновтың пікірінше, егер құқықтық көзқарас тұрғысынан алып қарағанда, тұтынушыны табиғи монополия субъектілерінің қызметін пайдалану құқынан айыру - соттың құзіреті. «Бұл тұрғыда біз депутаттардың қолдауын тауып отырмыз және күзде аталған заң жобамен Парламентке баруды жоспарлаудамыз», - деп атап өтті агенттік төрағасы.