Агенттік жемқорлықпен өнер арқылы күресуге кірісті

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі балалар арасындағы республикалық сурет байқауын қорытындылады. Жемқорлық тақырыбындағы балалардың суреттері арнайы көрмеге шығарылды. Бұдан бөлек, ол жерде кәсіби қолөнер шеберлерінің жұмыстарын көруге болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі агенттіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
None
None

"Енді агенттік ғимаратына кірген кез келген адам байқау жеңімпаздарының туындыларын өз көзімен көре алады. Ондай конкурстар тұрақты түрде өткізіледі. Ал көрме жұмыстары үнемі жаңартылады. Бұдан бөлек, көрмеге сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тақырыбындағы мүсін, композиция мен картиналар шығарылады. Аталған жұмыстардың авторлары - кәсіби өнер қызметкерлері. Олар да конкурса қатысты", - делінген ресми xабарламада.

Айта кеткен жөн, көрмені ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында орналастырудың өзіндік мәні бар. Ол жерде Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген мемлекеттік қызметкерлер өз білімдерін шыңдайды. Олар балалар мен өнер қызметкерлерінің туындыларын көріп, өздеріне жүктелген міндеттің маңыздылығын жете түсіне бастайды деген сенім бар.

null 

Бүгінде осы іспетті көрмелер Бангкок (Тайланд) қаласында кеңінен ұйымдастырылып келеді. 

Соңғы жаңалықтар