Агенттіктің орталық аппаратында «А» корпусының кадр резервінен тағайындаулар болды
АСТАНА. 24 шілде. ҚазАқпарат - ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасы Ә. Бәйменовтің бұйрығына сәйкес Агенттіктің орталық аппаратында «А» корпусының кадр резервінен тағайындаулар болды. Бұл туралы аталған агенттіктің баспасөз қызметінен хабарланды.
Атап айтқанда, Хафиза Мұхтарқызы Утеулина - Агенттіктің аппарат басшысы; Арман Шаймұранұлы Хайдаров - Құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі; Қуаныш Асылбекұлы Жапақов - Инспекция және бақылау бөлімінің меңгерушісі; Жандос Шералыұлы Сәрсенов Мемлекеттік қызмет персоналын басқару бөлімінің меңгеруші лауазымдарына тағайындалды.