Ағыбай Әмірин Павлодар облысы цифрлық технология басқармасының басшысы болды

ПАВЛОДАР. KAZINFORM — Павлодар облысы әкімінің өкімімен цифрлық технологиялар басқармасының басшысы қызметіне Ағыбай Қойшыбайұлы Әмірин тағайындалды. 

павл
Фото: Валерий Бугаев

Ағыбай Әмірин 1972 жылы 9 мамырда Баянауыл ауданында дүниеге келген.

Білімі жоғары.

1995 жылы С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін «математика және информатика мұғалімі», 2006 жылы Қазақ гуманитарлық-заң университетін «құқықтану», 2013 жылы Инновациялық Еуразия университетін «экономика және бизнес» магистрі мамандығы бойынша аяқтаған. 

2003 жылдан Ақсу қаласының Ақжол ауылдық округінің әкімі қызметін атқарды.

2006-2008 жылдары ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Павлодар облысы бойынша басқармасының мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңнаманың сақталуын бақылау бөлімінің кеңесшісі, кейін басшысы болып жұмыс істеді.

2012-2014 жылдары Павлодар облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау бөлімінің басшысы болып қызмет етті.

2014-2016 жылдары — Павлодар облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары, әдеп жөніндегі уәкіл.

2016 жылдың 18 қарашасынан 2018 жылдың 21 мамырына дейін Ақтоғай ауданының әкімі.

2018 жылдың мамырынан 2020 жылдың наурызына дейін — Павлодар облысы әкімі аппаратының басшысы.

Осы лауазымға тағайындалғанға дейін Май ауданының әкімі қызметін атқарды.