Аграрлық кәсіпорындарды қаржылық сауықтыруға 65 млрд. теңге бөлінді

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2015 жылы Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешеннің кәсіпорындарын қаржылық сауықтыруға 65 млрд. теңге берілді. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев мәлім етті.

Аграрлық кәсіпорындарды қаржылық сауықтыруға 65 млрд. теңге бөлінді

Оның сөзіне қарағанда, АӨК саласында көптеген құрылымдық реформалар жүргізілді. Бұл тұрғыда шағын ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің бірігуіне бөгет болған кедергілер жойылып, органиканың өндірісін дамытуға жағдайлар жасалды, алдыңғы қатарлы жетістіктерді пайдалануға қолдау берілді.

«ҚазАгро» холдингі арқылы АӨК-ті қолдаудың барша бағыттары бойынша 317 млрд. теңгеге тарта қаржы бөлінді, оның ішінде 65 млрд. теңге кәсіпорындарды сауықтыру үшін қаржыландыруға берілді. Бұл өз кезегінде 2015 жылы 29 мыңнан астам адамның жұмыспен қамтылуына және 6 мыңға жуық жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік берді»,-деді ол.

Б. Сағынтаевтың айтуынша, ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер 203 млрд. теңгеге 15,5 мың несие берілген. «ҚазАгро» арқылы қаржыландырылатын жобалар 121 аудан мен 25 қалада жүзеге асырылуда. Құны 41,5 млрд. теңгенің құрайтын 92 жоба іске қосылды.