Аграрлық мәселелер комитетінің төрағасы лауазымына С.Омаров сайланды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында Аграрлық мәселелер комитетінің төрағасы лауазымына Сапархан Омаров сайланды.

Аграрлық мәселелер комитетінің төрағасы лауазымына С.Омаров сайланды

«Аграрлық мәселелер комитетінің төрағасы қызметіне депутат Омаров Сапархан Кесікбайұлының кандидатурасын ұсынамын», - деді Мәжіліс Төрағасы Бақтықожа Ізмұхамбетов.

Бұл ұсынысқа дауыс берген депутаттар оның кандидатурасын толықтай қолдады.