«Аграрлық несие корпорациясы» бірнеше инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға кірісті

АСТАНА. Сәуірдің 6-сы. ҚазАқпарат - Үкіметтің, Ұлттық банк пен Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу агенттігінің 2009-2010 жылдардың экономика және қаржылық жүйесін тұрақтандыруға байланысты бірлескен іс-жоспарын орындау мақсатында,

«Аграрлық несие корпорациясы» бірнеше инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға кірісті
Қазақстан Республикасы Үкіметі мақұлдаған 2008 жылғы қарашаның 25-гі қаулысына сәйкес «Аграрлық несие корпорациясы» бірнеше инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға кірісті. Бұған мал бордақылау алаңдарын салу, мал соятын орындар ашу, етті қайтадан өңдейтін заманауи кешендерді ұйымдастыру, биязы жүнді өндіру және өңдеу өнеркәсібін құру, қазақстандағы астық экспортының инфрақұрылымын дамыту жобалары енгізіліп отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Инвестициялық жобаларды іске асыратын қарыз алушылар іріктеуге арналған байқау негізінде, іріктеуді өткізу жариялығын сақтау әрі байқаудың ашықтығы мен бағалау жұмыстарының айқындығы арқылы жүзеге асады. Несиені алуға мүмкіндігі бар қарыз алушы тек байқау комиссиясының шешімінен кейін ғана жеңімпаз бола алады. «Аграрлық несие корпорациясы» акционерлік қоғамындағы Комиссия құрамына заң шығару өкілдері, «Нұр-Отан» ХДП, «ҚазАгро» Ұлттық холдингі» АҚ мен оның еншілес компания өкілдері енді. «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ жақында инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға үміткер қарыз алушыларды іріктеуге арналған Комиссияның бірінші отырысы өткізілді. Жиында күн тәртібіндегі сұрақтарды қабылдаумен бірге, Комиссияның алдағы жұмыс жоспары мен жобаларды іріктеу тәртібі талқыланды. Басқосу кезінде «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ несие алуға мүмкіндігі бар шаруашылықтардың саны, байқау құжаттары және қазірге дейін келіп түскен өтініштер мен олардың қаралу барысы туралы жедел мәлімет берді. Жиын барысында қойылған көптеген сұрақтың ішінде белгіленген мерзімге дейін құжат тапсырып үлгермеген үміткерлер мәселесі де сөз болды. Байқауды ұйымдастырушылардың айтуынша, несиеден үміткерлер биылғы жылғы басқа да бағыттар бойынша қосымша байқау өткізу туралы хабарландыру жарияланған жағдайда я болмаса, 2010 жылға арналған жаңа байқауға қатыса алады.