Аграрлық салаға инновациялық технология қажет

Сенаттың Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің төрағасы Сергей Плотников кездесуді аша келіп, Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауында агроөнеркәсіп кешенін инновациялық даму жолына көшіру мақсатын алға қойғанын еске салды.
С. Плотников саланың болашағы технологиялық жаңғырту және инновацияда екенін, оны енгізу үшін өзіміздің жоғары деңгейде дамыған ғылыми зерттеулеріміз керек екенін атап өтті. Сонымен бірге талдау көрсетіп отырғандай, аграрлық білім беру мен ғылым деңгейі жақсартуды қажет етеді. «Ауыл шаруашылығындағы зерттеулер бойынша біз алдыңғы қатардағы әлемдік державалардан елеулі түрде кейін қалдық, көптеген мамандарды және тұтас ғылыми бағыттарды жоғалттық, - деп атап өтті сенатор. Қазіргі білім беру базасы қатты ескірді, мамандар жетіспеушілігі сезіледі».
Сенат комитетінің жетекшісі инвестицияның жалпы көлеміндегі үлесі 2,3 пайыздан аспайтын ауыл шаруашылығын қаржыландыруды ұлғайту қажеттігіне назар аударды. 2020 жылы саланы мемлекеттік қолдау көлемі 4,5 есеге өсуі тиіс.
Өндіріс көлемін арттыру және оның өзіндік құнын төмендету есебінен өндірістің тиімділігін ұлғайту маңызды басымдық болуы тиіс. С. Плотниковтың айтуынша, бұл мәселе еліміздің аграрлық саласы өте қажет етіп отырған инновациялық технологияларды енгізумен тығыз байланысты. Қазіргі заманғы ғылыми және білім беру технологияларын енгізу саланы көтере алатын жоғары білікті мамандар әлеуетін арттыру үшін мүмкіндіктер ашуы тиіс, деді С. Плотников.
Отырыста ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары Ермек Көшербаев, ҚазАТУ басқарма төрағасы Ақылбек Күрішбаев, Сенат депутаттары Серік Біләлов және Қуаныш Айтаханов сөз сөйледі.
Шара аясында парламентшілер ҚазАТУ-дың ғылыми жетістіктерінің көрмесінде болды, Қазақстан-Белорусь мамандар даярлау және қайта даярлау орталығын, Қазақстан-Қытай ауыл шаруашылығын механикаландыру орталығын, етті тәжірибелік түрде өңдеу цехын және Ауыл шаруашылығы биотехнологиясы ғылыми-зерттеу институтын аралады.