Аграрлық саланы дамытуда Елбасы Жолдауында айтылған басымдылықтардың берері мол ?дөңгелек үстел
АЛМАТЫ. Сәуірдің 23-і. ҚазАқпарат /Таңжарық Ілиясұлы/ - Еліміздегі шағын шаруа қожалықтары бірігуі тиіс. Бүгін Алматыдағы Қазақ ұлттық аграрлық университетінде өткен дөңгелек үстел мәжілісінде осындай пікір айтылды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат .
Аталмыш шараны Қазақ ұлттық аграрлық университеті мен Қазақстанның Агроодағы, «Қазақстан фермері» қоғамдық қоры ұйымдастырды.Дөңгелек үстел мәжілісінде Қазақстандағы ауылшаруашылық өнімдерін дамыту, шетелдермен тәжірибе алмасу, шығарылған өнімді өткізу мәселелері талқыланды. Сондай-ақ саланы бір жүйеге келтіру, несие беру, оны қалай пайдалану жөнінде мәселе қозғалды. Дөңгелек үстелге қатысушылардың айтуынша, аграрлық саланы дамыту бағытында Елбасының ағымдағы жылғы «Дағдарыс арқылы жаңару мен дамуға» атты Жолдауында айтылған басымдылықтардың берері мол.«Қазақстан фермері» қоғамдық қорының директоры Владимир Левиннің сөзіне қарағанда, бүгінде шағын шаруа қожалықтарының жұмысы тиімсіз болып отыр. «Шағын шаруа қожалықтары бірігуі тиіс. Бұл бағытта шағын қожалықтарының басын қосып ауыл шаруашылығы тұтыну кооперативтерін құру қажет», - дейді В.Левин.