Агробанк құру идеясы әлі жеткілікті пысықталмаған – Ұлттық банк төрағасы

Тимур Сүлейменов
Фото: ҚР Ұлттық банкі

АСТАНА. KAZINFORM – Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов елімізде Агробанк құру бастамасына қатысты түсінік берді. 

Ұлттық банк басшысы Қазақстанда ауыл шаруашылығын қолдау құралдары өте кең екенін атап өтті — бұл АШМ-нің өзі де субсидиялау жөніндегі бағдарламаларымен және жергілікті жерлерде ауыл шаруашылығы басқармасымен. 

«ҚазАгро» холдингі, азық-түлік корпорациясы бар, «ҚазАгро» қазір «Бәйтерек» холдингінің құрамында. Елімізде депозиттер тартып, кредиттер беретін толыққанды банк құруға мүмкіндік бар», - деді Тимур Сүлейменов Ұлттық банкте өткен баспасөз мәслихатында. 

Оның айтуынша, егер «Агробанк» тек ауыл шаруашылығы саласына несие берсе, ол толыққанды банк болмайды. 

«Депозиторлар ауыл шаруашылығындағы тәуекелдер әмбебап банкке қарағанда әлдеқайда жоғары екенін түсінеді. Сондықтан банк құрудың идеясы әлі жеткілікті зерттелмеген сияқты. Осы орайда біздің ұстанымымыз - аграршыларды қаржылай қолдау қажет болса, біз оны қолдаймыз. Менің ойымша, мәселені тек институционалдық өзгерістермен шешу мүмкін емес. Тереңірек зерттеп ағымдағы жүйеде қалай жұмыс істейтінін көру керек. Егер мәселе «Колдау» жүйесіне қатысты оны өзгертейік», - деді Ұлттық банк басшысы.

Сондай-ақ Т. Сүлейменов Үкіметтің ұсыныстарына байланысты ауыл шаруашылығын қаржылай және қаржылай емес қолдау бойынша өз ұстанымын білдіруге дайын екенін атап өтті.

Соңғы жаңалықтар