Агроөндіріс кешенін дамытуға бағыттталған 120 миллиард нақты инвестициялық жобалар мен агроөндіріс кешені субъектілерінің қажеттіліктеріне жұмсалады ? «ҚазАгро» холдингі

АСТАНА. Сәуірдің 7-сі. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - «Елдің экономикасы мен қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету бағдарламасы аясында еліміздің агроөндіріс кешенін дамытуға 120 миллиард теңге бөлініп отыр. Аталмыш қаржы бойынша тиісті шараларды жүзеге асырушы оператор - «ҚазАгро» холдингі. Қазіргі таңда біз бұл бағыттағы шараларды екі түрлі жолмен жүзеге асыруды көздеп отырмыз»,

 Агроөндіріс кешенін дамытуға бағыттталған 120 миллиард нақты инвестициялық жобалар мен агроөндіріс кешені субъектілерінің қажеттіліктеріне жұмсалады ? «ҚазАгро» холдингі
деді бүгін «ҚазАгро» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Асылжан Мамытбеков. Бұл туралы ол дағдарыстан шығу шараларын ойластыру және елдің әрі қарай дамуы мен дағдарыс кезіндегі елдің агроөнеркәсіптік кешенін дамытуға байланысты өткен партияаралық кеңестің бірінші отырысында мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.Оның сөзіне қарағанда, холдинг өкілдері бірінші кезекте нақты инвестициялық жобаларды жүзеге асыруды көздеп отыр. Екінші кезекте агроөндіріс кешені субъектілерінің қажеттіліктерін қанағаттандырмақ. «Инвестициялық жобаларға келетін болсақ, біз қазір Мемлекет басшысы алға қойған міндеттер негізінде арнайы бағдарлама бекіттік. Президент қойған міндеттердің бірі агро азық-түлік нарығын тұрақтандыруға байланысты болса, екіншісі еліміздің импортқа тәуелділігінен арылту болып отыр. Басқаша айтқанда, біз елдің ішкі нарығын агроөндіріс тауарларымен қамтамасыз етуге қатысты мәселелерді түбегейлі шешуіміз керек. Сонымен қатар агрөндіріс кешенінің дамуына жағдай жасауға тиіспіз. Инвестициялық жобада көрсетілген іске асырылуы тиіс шараны осындай екі топқа бөлуге болады» дейді А.Мамытбеков. Оның мәліметтеріне қарағанда, бірінші топқа, яғни агро азық-түлік нарығын тұрақтандыруға сүт өнімдерін өндіретін фермалар мен көкөністерді сақтайтын қоймаларды және жылыжайлар салу жатады. Сонымен қатар бұл бағытқа тамшылап суару жүйесін жетілдіруді де жатқызуға болады. Екінші топ - ет комбинаттары мен бордақылау алаңдарын салуға қатысты мәселелерді қамтиды. Сондай-ақ жүн өңдеу мен астықтың экспорттық инфрақұрылымы сияқты мәселелерді де осы топқа жіктеуге болады. «Бұл жобалардың әрқайсысы агро азық-үлік нарығындағы жағдайды жан-жақты жіті зерттеуден кейін жоспарланған мәселелер» деді холдинг төрағасы.