Агроөнеркәсіп кешені мемлекеттің экономикалық саясатының басым бағыттарының бірі
trong>. Маусымның 9-ы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Қазақстанның ет экспортына Ресейдегі барлық кедергілерді жою шарасы жүрігізіліп жатыр. Оны Ауыл шаруашылығы вице-министрі Асқар Евниев бүгін өтіп жатқан Кеден Одағы туралы дөңгелек үстел жиынында айтты,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
"Агроөнеркәсіп кешені мемлекеттің экономикалық саясатының басым бағыттарының бірі. Соңғы жылдары оған айтарлықтай инвестиция салынды. Кеден одағы нарығын құру қисынды қадам болмақ. Біздің ондағы мүмкіндіктерімізге мынадай нақты мысалды келтіруге болады. Қазақстан 1990 жылы 1,5 миллион тоннадан астам ет өндіріп, экспорт 347 мың тоннаны құрады. Одан кейін бұл көлем күрт азайды. Қазір біздің Ресейге экспортымыз теңізге тамған тамшыдай ғана", дейді Асқар Евниев. Ауыл шаруашлығы вице-министрінің айтуынша, Қазақстан етінің импортына Ресейде осы уақытқа дейін бірқатар кедергілер болды. Қазір енді оны жою шаралары жасалуда. Мәселен, Ресей жылына 1,5 -1,7 миллион тонна ет импорттайды. Оның 700 мың тоннасы сиыр еті. Олар Оңтүстік Америка, Уругвай, Парагвай, Бразилия сияқты елдерден, негізінен мұздатылған күйінде жеткізіледі. Ал біз жаңа сойылған ет ұсына аламыз. Бұл үшін барлық мүмкіндік бар. Ең алдымен үлкен азықтандыру базасы мен оған қажетті барлық мамандар бар.