Агроөнеркәсіп кешенін дамыту жұмыстары сәтімен жалғасуда

АСТАНА. Ақпанның 6-сы. ҚазАқпарат /Айдар Оспанәлиев/ - Агроөнеркәсіп кешенін дамыту жұмыстары сәтімен жалғасуда.
None
None
Бүгін «Нұр Отан» партиясының Парламент Мәжілісіндегі фракциясының кеңейтілген отырысында Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов осылай деп мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.Оның сөзіне қарағанда, еліміздің агроөнеркәсіп кешенін дамыту шаралары екі бағытқа негізделетін болады. Бірінші мәселе, азық-түлік қауіпсіздігіне байланысты болып отыр. «Бұл ретте біз ауыл шаруашылығындағы жеке өндірісті дамытуға күш салудамыз. Екіншіден, қазір еліміздің аймақтарында егін егу шараларын қорландыруға қатысты бірқатар проблемалар бар. Біз соларды шешу үшін арнайы қаржы қарастырудамыз. Бұл мәселелерді жақсы түсініп отырмыз, сондықтан қолдан келгеннің бәрін жасаймыз», деді Премьер-Министр.
Соңғы жаңалықтар