Агроөнеркәсіп кешенін индустриялық-инновациялық дамытуды ынталандыру мақсатында сапа менеджменті жүйесі енгізілді
АСТАНА. 8 ақпан. ҚазАқпарат - «Агроөнеркәсіп кешенін индустриялық-инновациялық дамытуды ынталандыру жөніндегі мемлекеттік саясатты ойдағыдай іске асыру мақсатында «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамында сапа менеджменті жүйесі енгізілді»,
деп хабарлайды аталмыш холдингтің баспасөз қызметі. Холдинг қол жеткізген сертификат ресми құжат болып табылады және Холдинг қызметін басқару жүйесі СТ РК ИСО 9001-2009 талаптарына сәйкес жүргізілетінін растайды. Сапа менеджменті жүйесі белгіленген рәсімдерді орындау жауапкершілігін бөлу және артық қызметтерді жою арқылы Холдингтің басқару қызметін жақсартуға, оның ұйымдастырушылық құрылымы мен бизнес-процестерінің нақты болуын қамтамасыз етіп, Холдинг қызметін басқару процесіне мүдделі ұжымдарды тартуға мүмкіндік береді.