Агроөнеркәсіп кешенін қолдауға мемлекеттен 88,2 млрд. теңге бөлінді

АСТАНА. 20 сәуір. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Ағымдағы жылы көктемгі егіс науқанына агроөнеркәсіп кешенінің субъектілерін қолдау үшін мемлекет тарапынан 88,2 млрд. теңге бөлінді.
None
None

Бұл туралы бүгін Үкіметтің селекторлық отырысында Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков мәлім етті.

«Агроөнеркәсіп кешені субъектілерін қолдауға республикалық бюджеттен және «Қазагро» ұлттық басқарушы холдингінің еншілес ұйымдары есебінен 88,2 млрд. теңге, оның ішінде бюджет қаражаты есебінен 78 млрд. теңге бағытталады», - деді ол.

Министрдің атап өтуінше, ағымдағы жылы жылдық тиімді ставка 12 пайыздан 8 пайызға төмендетілген. Осы орайда былтырғы жылғы құрғақшылық салдары мен кепіл беру кезіндегі банктердің сақтыққа баруы қаперге алынған. Сонымен қатар Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры арқылы, әсіресе, шағын ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге қамтамасыз ету талаптары жеңілдетілген әрі 2 жылға дейінгі мерзімге несие беру тетіктері қарастырылған жаңа бағдарлама ашылған.

«Арыс» шағын несие ұйымы арқылы Оңтүстік Қазақстан облысында мақта өндірушілерді несиелеу жүзеге асуда. Бұл қор 2 млрд. теңгені құрайтын, әкімдік меншігі болып табылатын өңірлік компания. Яғни ағымдағы жылы мақташыларда ешқандай мәселе туындамайды, бәрі шешілген», - деді А.Мамытбеков.

Соңғы жаңалықтар