Агроөнеркәсіп кешенінің несие серіктестігі қауымдастығы құрылды

АСТАНА. 4 ақпан. ҚазАқпарат - Қазақстанда Агроөнеркәсіп кешенінің несие серіктестігі қауымдастығы қоғамдық ұйымы құрылды. Ұйым ауылда қызмет ететін несие ұйымдарының бірлестігі болып табылады.

Агроөнеркәсіп кешенінің несие серіктестігі қауымдастығы құрылды

Бұл туралы «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ баспасөз қызметінен хабарланды.

Қауымдастық туралы шешім «ҚазАгро» холдингінің еншілес компаниясы болып табылатын «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ ұйымдастыруымен өткен несие серіктестіктерінің жалпы жиналысында қабылданды. Жиынға корпорацияның әріптестері болып табылатын 12 несие серіктестіктері қатысқан болатын.

Атап өтерлігі, бүгінгі таңда ауылдық жерлерде қызмет етіп жатқан несие серіктестіктері корпорацияның белсенді қолдауы арқасында құрылған болатын. Осының арқасында 2001-2013 жылдар аралығында еліміздің 13 облысының 160 ауданында 163 несие серіктестіктері жұмыс істей бастады. Бұлар Қазақстан аумағының шамамен 90,4% құрайды ( республикада 177 әкімшілік аудандар болса, оның 22-сі қала маңындағы аймақтар).

1 қаңтар 2013 жылғы жағдай бойынша несие серіктестіктерінде 8 114 ауыл шаруашылығы құрылымдары болса, олардың 82 пайызы - шаруа қожалықтары, 10% - ЖШС және 8% басқа ұйымдар болып отыр. 2001-2012 жылдар аралығында бюджеттен несие серіктестіктеріне 46 млрд. 926,9 млн.теңге бөлініп, бұлар толығымен игерілді. Сондай-ақ осы мерзім аралығында 161 несие серіктестігіне 98 млрд. 627,7 млн. теңге бөлінген.

Сонымен қатар, былтыр Аграрлық несие корпорациясымен Атырау, Ақмола, Қарағанды, Батыс Қазақстан облыстарында 8 жаңа несие серіктестіктері құрылған.