Агроөнеркәсіптік форум барысында қол қойылған келісімдер мен меморандумдар

Осы форум аясында АӨК саласында бірқатар халықаралық келісімдерге қолжеткізілді.
Атап айтқанда:
- Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешен шағын және орта кәсіпорындарын 100 млн еуро сомасына несиелеу үшін Аграрлық кредиттік корпорация мен Еуропалық инвестициялық бан арасындағы қаржы шарты;
- Ақтөбе облысында алаңы 20 га қазіргі заманғы жылыжай кешенінің құрылысы бойынша жобаны іске асыру туралы FoodVentures (Голландия), «ADM Capital» (Венгрия) және "Green Capital Kazakhstan" ЖШС (Қазақстан) компаниялары арасындағы келісім. Бұл Қазақстан-Венгрия тікелей инвестициялар қорының қаражатынан қаржыландырылатын жобалардың бірі.
- «ҚазАгро» холдингі» АҚ және « Da Vinci Capital» компаниясы арасындағы тікелей инвестициялардың аграрлық қорын құру жөніндегі келісім.
- Азия Даму Банкі және «ҚазАгро» холдингі» АҚ арасындағы Қазақстанның ауылшаруашылық секторына оның экономикалық әртараптануын қолдауға инвестициялар тарту жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум.
- «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» акционерлік қоғамы және «RACS Quality Certificates Issuing Services LLC» компаниясы арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум. Құжат қазақстанның ауылшаруашылық тауар өндірушілеріне Парсы шығанағындағы Араб Мемлекеттерінің Ынтымақтастық Кеңесіне (ПШАМЫК) кіретін елдерде мойындау мақсатында Халал өнімдерін сертификаттауға көмек көрсету бөлігіндегі ынтымақтастықты болжайды;
- «ҚазАгро» холдингі» АҚ және «Узагротехмаш» АҚ (Өзбекстан Республикасы) арасындағы ауылшаруашылық машина жасау саласындағы жобаларды іске асыру бойынша өзара түсіністік туралы меморандум;
- «Агротехнологияларды коммерциялау және трансферт орталығы» ЖШС және «PHOENIX FEED MILLS» LLP компаниясы және «SAB Agrobusiness» LLP компаниясы арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумдар. Құжаттар Қазақстанның ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын әртараптандыру жөніндегі артықшылықтарын ескере отырып инвестициялық белсенділікті кеңейту мүмкіндіктерін қарастыру бөлігіндегі ынтымақтастықты болжайды.