12:27, 04 Маусым 2009 | GMT +5
Агроөнеркәсіптік кешендердің инвестициялық жобаларын іске асыру бойынша өткізілген конкурс жеңімпаздары анықталды
АСТАНА. Маусымның 4-і. ҚазАқпарат - Астанада арнайы конкурстық комиссия агроөнеркәсіптік кешендегі «ҚазАгроҚаржы» АҚ желісі арқылы қаржыландырылатын бағыттардағы инвестициялық жобаларды іріктеу жұмысын аяқтады.
Әңгіме республикадағы ет бағытындағы құс фабрикаларының, жоғары технологиялы жылыжай шаруашылықтарының, көкөніс қоймаларының, сондай-ақ тамшылатып суару технологиясын қолданумен өндірістер желілерін құру және оларды дамыту бойынша жобалар жөнінде болып отыр. ҚР Парламент Мәжілісінің, Ауыл шаруашылығы министрлігінің, «ҚазАгро» Ұлттық холдингі мен қоғамдық-кәсіби бірлестіктерінің өкілдерінен тұратын инвестициялық жобаларды іріктеу жөніндегі конкурстық комиссия ұсынылған материалдарды зерттеп шығып, тапсырылған 118 өтінімнің ішінен жеңімпаздарды анықтап, қорытынды шешім шығарды.Естеріңізге сала кетейік, ауылдағы инвестициялық жобаларды іріктеу және кейін оларды қаржыландыру үкіметтің Экономика мен қаржы жүйесін тұрақтандыру бойынша бірлескен іс-қимылдар жоспары шеңберінде жүргізіледі, осыған сәйкес агроөнеркәсіп кешенін шұғыл түрде дамыту үшін «ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингке 120 миллиард теңге қаражат бөлінген.Құжаттарды қабылдау науқаны барысында «ҚазАгроҚаржы» АҚ-на еліміздің түрлі агроқұрылымдарынан құс фабрикасын құруға ? 21 өтінім, жылыжай кешендерін құруға ? 40 өтінім, көкөніс қоймаларын салуға ? 26 өтінім, сонымен қатар тамшылатып суару жүйелерін енгізуге 6 өтінім келіп түсті. Конкурстық комиссияның шешіміне сәйкес ет бағытындағы құс фабрикаларын құруда үш жоба мақұлданды, олар - «Ордабасы Құс» ЖШС (ОҚО), «Бройлерная птицефабрика «Жас Қанат» ЖШС (Қостанай обл.), «Өскемен құс фабрикасы» ЖШС (ШҚО) іске асырылатын болады. Жылыжай кешендерін құру бағытында төрт шаруашылық конкурс жеңімпаздары болып танылды, олар - «Қазақстанның жылыжай технологиялары» ЖШС - 3,56 гектар жерге, Ақмола облысында; «Жасыл Шығын Орман» ЖШС - 10,2 гектар жерге, Павлодар облысында; «Green Technology» ЖШС - 3 гектар жерге, Қарағанды облысында; «Green House» ЖШС - Зеленый дом» - 4 гектар жерге, Алматы облысында. Сондай-ақ комиссияның оң шешімін Шығыс Қазақстан облысында өнімділігі 3 мың тонна көкөніс қоймасын құру бойынша «Иртыш ТАНур плюс» ЖШС жобасы, сондай-ақ Атырау облысында тамшылатып суару технологиясын қолданумен жеміс-көкөніс дақылдарын өндіру бойынша «Атырау Агро Өнімдері» шаруа қожалығының жобасы алды. Конкурстық комиссия мүшесі, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Рауан Шаекиннің айтуынша, жобалар барлық талаптар мен тәртіптер сақтала отырып, нәтижелі де айқын түрде іріктелді. Жалпы алғанда, ең перспективалы да, рентабельді жобаларды анықтау жолында атқарылған жұмыс комиссияның көңілінен шықты.