Агроөнеркәсіптік кешенді субсидиялауға прагматикалық тәсілдемелер қолданылуы керек - А.Мырзахметов

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов Алматы облысы аграриилерімен өткен есептік кездесуде агроөнеркәсіптік кешенді мемлекеттік қолдау шаралардың тиімділігін арттырудың күн тәртібіндегі басты мәселенің бірі екендігін атап өтті, деп хабарлады ҚР АШМ баспасөз қызметінен.
None
None

«ЕАЭО мен ДСҰ-ға кіруге байланысты бәсекенің күшеюі агроөнеркәсіптік кешенді субсидиялауға прагматикалық тәсілдемелерді қолдануды талап етеді. Оның тиімділігін арттыру үшін АӨК-де субсидиялау жүйесін реформалау жоспарлануда», - деді министр.
Ведомство басшысының хабарлауынша, мысалы, көктемгі - дала және жинау жұмыстарына және өсімдік шаруашылығы өнімінің сапасын арттыруға жанар-жағар май және басқа да тауарлы материалды құндылықтардың бағасын арзандату бойынша, жеміс дақылдары мен жүзімнің көпжылдық екпелерін отырғызу мен өсіруге, мақта талшығының сапасын сараптауға арналған субсидияларды оңтайландыру көзделіп отыр.

Сондай-ақ, министр осы қатарда 2017 жылдан бастап, мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруға арналған субсидияларды қысқарту көзделіп жатқанын жеткізді.

«Босатылған қаражат инвестициялық субсидиялар, бизнес қауымдастықтардың ғылыми ұйымдар қызметіне арналған шығындарын субсидиялау, ауыл шаруашылығын қолдауға арналған кредиттер (лизинг) бойынша сыйақы мөлшерлемесін өтеу сияқты неғұрлым тиімді субсидия түрлеріне, сондай-ақ, фитосанитариялық және ветеринариялық қызметтерді күшейтуге бағытталатын болады», - деп түйіндеді сөзін А.Мырзахметов.

Соңғы жаңалықтар