Агроөнеркәсіпте трансұлттық компаниялардың қатысуымен 7 жоба жүзеге асуда

АСТАНА. KAZINFORM — Мемлекет басшысының агроөнеркәсіп кешені саласына трансұлттық компанияларды тарту тапсырмасын орындау мақсатында Ауыл шаруашылығы министрлігі «Kazakh Invest» ҰК» АҚ-мен бірлесіп, шетелдік инвесторлардың қатысуымен жалпы құны $3,8 млрд болатын 55 жобаға қолдау көрсетіп отыр. 

егін даласы
Фото: Pexels

Үкіметте Премьер-Министрдің орынбасары Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен кеңесте жаһандық, трансұлттық компаниялар қатысып жатқан жеті жобаның іске асырылу барысы талқыланды.

Серик Жумангарин, совещание
Фото: primeminister.kz

Аталған жобалар арасында мынадай кәсіпорындар бар: 

  • «INOKS Capital» швейцариялық компаниясымен Алматы облысында жеміс-жидек өңдеу зауытын құру және жеміс-жидек өңдеу зауытын салу;
  • $160 млн инвестициясы бар «PepsiCo» компаниясымен Алматы облысында тұзды тағамдар өндіру зауытын салу;
  • QazBioPharm холдингі мен француз Boehringer Ingelheim Animal Health компаниясы арасындағы ынтымақтастықта Жамбыл облысында аусылға қарсы вакцина өндіру;
  • Шымкент қаласындағы «Coca-Cola Almaty Bottlers» БК ЖШС алкогольсіз сусындар өндірісі;
  • Ерейментау ауданының аумағында құны $132 млн болатын испандық BigFarm консорциумының қатысуымен Ақмола облысында интеграцияланған мал шаруашылығы кешенінің құрылысы;
  • Алматы облысында CITIC Construction компаниясының астықты терең өңдеу зауытын салу; 
  • Алматы облысында «Маревен Фуд» компаниясының алкогольсіз сусындар өндірісі.

Кеңесте мемлекеттік органдар тарапынан көмек көрсетуді қажет ететін мәселелер қаралды.

Вице-премьер ауыл шаруашылығы министрлігіне жергілікті атқарушы органдармен және сыртқы істер министрлігімен бірлесіп жобаларды іске асыруды қолдау және АӨК саласына басқа да трансұлттық компанияларды тарту жөніндегі жұмысты жандандыруды тапсырды.

Соңғы жаңалықтар