11:03, 28 Қазан 2015 | GMT +5
Ағылшын археологтары темекі түтіктері фабрикасын тапты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ағылшын археологтары командасы Бат қаласындағы Эйвон өзенінде балшықтан темекі түтіктерін жасайтын көне фабриканы тапты.
Мұндай ғимараттың бүлінбей табылуы өте сирек кездесетін жағдай, деп хабарлайды epochtimes.ru.
Оны ойынхана құрылысы орнын тазалау барысында тапқан. Жартылай қираған мектеп ойын алаңының астында бірнеше жер асты ғимараттары бар екені байқалған. Сол жерді ашқан кезде қараусыз қалған балшықтан темекі түтігін өндіретін фабрика бар екені анықталды.
Зертеушілер фабрика қазіргі темекі пайда болғанға дейін 1780-1860 жылдары жұмыс істеген деп болжауда.
Сол кезде балшықтан жасалған түтікше сәнге айналған болатын.