Ағылшын ауласынан римдік вилланың орнын тапты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Англияның оңтүстігінде ағылшын өз үйінің ауласынан 175-220 жылдар аралығында салынған римдік вилланың орнын тапты. Бұл туралы «Нью Йорк таймс» газеті жазады.

Ағылшын ауласынан римдік вилланың орнын тапты

Уилтшир графтығындағы Тисбери кентіне жақын жерде тұратын кілем дизайнері Люк Ирвин 2015 жылы ақпан айында өз үйінің ауласында тоқ сымын жүргізу кезінде мозаика еденді тапты. Құрастырма еден қызыл, ақы және көк тақташалардан құрастырылған әрі 45 см тереңдікте жатқан. Сол жерге жақын Солсбери қалалық мұражайының және «Тарихи Англия» ұйымының мамандары қазба жұмыстарын бастады. Олар мозаиканың үлкен римдік вилланың бір бөлігі екендігін анықтады. Бұл Англияда табылған ең ірі осындай қоныс. Ғалымдар вилланың бірінші қабатында  ғана 20 - 25 бөлме бар деп санайды.

Қазба жұмыстары кезінде археологтар көне тиындарды, әшекейлерді, қыш ыдыстарды, құдықты және жылыту құбырларын тапты. «Тарихи Англия» ұйымының археологі Дэвид Робертстің айтуынша, табылған жәдігерлерге қарай отырып вилланың сән-салтанатпен өмір сүрген ақсүйектерге тиесілі екендігін пайымдауға болады.

Ғалымдар XIX ғасырда табылған римдік вилламен салыстырып шықты.