17:51, 23 Наурыз 2014 | GMT +5
Ағылшын азаматының 46 мың рублін үптеп кетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәскеу орталығында Армениядан келген келімсек Ұлыбритания азаматының 46 мың рублін ұрлап кетті.
Бұл туралы полицияның мәліметіне сүйенген «Интерфакс» хабарлады. Аталған оқиға сенбіге қараған түні, 22 наурызда таңғы бестер шамасында болған. Шабуыл жасағандар «Мариотт» қонақ үйінде тұрып жатқан британиялықтың iPhone 5, банк карталарын, 80 фунт стерлинг және 4 мың рублін ұрлап, іздерін жасырған.
Шабуыл жасағандардың үшеуі де шамамен жарты сағаттан кейін метроның маңынан ұсталды.