Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Ағылшын бульдогі жойылып барады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ағылшын бульдогі әлемде иттің танымал түрі, алайда ол басқа тұқымдарға қарағанда денсаулығы әлсіздеу. Зерттеу жүргізген ғалымдар еңбегінде осныдай тоқтам жасалған.

Ағылшын бульдогі жойылып барады

Өмір ұзақтығы да аз, ары кеткенде алты жыл ғана өмір сүреді. Олар аллергиядан бастап, ракқа шейін тез шалдығады.

Осы тұқымды зерттеп шыққан америкалық ғалымдар оның популяциясының даму және денсаулығы үшін талап етілетін гендік түрлілігі азайып кеткен.

Бульдогтың сыртқы келбетін ғана жетілдіруге құлықты болған селекционерлер оның денсаулығын жақсарту жөніндегі сұрыптауды жүргізбеген.

Зерттеу авторлары популяция осы қиыншылықтарды еңсере алмайды, алдағы уақытта азая бастайды деген тұжырым жасаған.