Ағылшын фермасында шошқаның 125 жылдық екі сан еті табылды

АСТАНА. 18 қараша. ҚазАқпарат - Ел орталығындағы Дербишир ағылшын графтігінің фермаларының бірінде 1885 жылы дайындалып қойылған шошқаның екі сан еті табылды, деп хабарлайды Small World жаңалық порталына сілтеме жасаған Лента.ру. Уақыт өткен соң ет жұмсарып кетсе де, сан еттердің құрылымы сақталып қалыпты.

Ағылшын фермасында шошқаның 125 жылдық екі сан еті табылды

125 жылдық табылған еттерді бағалау үшін арнайы шықырылған аукционшы Чарльз Хэнсон қарап шықты. Жаңалық порталының хабарлауынша, ет пайдалануға жарамаса да, ол аукционнан 300 фунтқа өтуі мүмкін (350 еуро).

Осы екі ескі еттен басқа Дербиширдегі фермадан 1970 жылы шығарылған Rolls Royce автомобилі мен шамамен 70 жыл бұрын сатып алынған шоколадты конфеттер қорабы табылды. Тәттілер шамамен 30 фунтқа бағаланып отыр.

Сан еттер, конфеттер мен көлік сатылатын аукцион 25 қарашада Дербидегі Mackworth Hotel қонақ үйінде өткізілмек.