Ағылшын ғалымдары Алаш тарихына қызығушылық танытып отыр

АСТАНА. Мамырдың 20-сы. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Бүгін Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде басталған «Алаш және имандылық: елдік парасат негіздері» тақырыбындағы ғылыми-тәжірибелік конференция барысында белгілі ғалым, алаштанушы Айгүл Ісмақованың «Алаш әдебиеттануы» және «Асыл сөздің теориясы» ғылыми еңбектерінің тұсаукесер рәсімі өтті,

Ағылшын ғалымдары Алаш тарихына қызығушылық танытып отыр
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Әдебиет және өнер институтының әдебиет теориясы бөлімінің меңгерушісі, ғылым докторы Айгүл Ісмақованың айтуынша, «Алаш әдебиеттануы» кітабында Алаш зиялыларының шығармалары, Алаштың тарихы мен мәдениеті, парасатты қазақ ұлтының рухани тағылымы топтастырылған. «Біз «Репрессияға ұшыраған қазақ ғылымы» бойынша арнайы курс ұйымдастырған едік. Оны Кембридж университетінде оқыған кезде тыңдаушылар репрессияға ұшыраған қазақ ғылымы мен оның жанашырлары туралы естіп, таң қалды. Қазір бұл кітап Лондонның Британ мұражайында да сақталған. Олардың айтуынша, ғылымға деген қиянат, оның ішінде қазақ ғылымына деген қиянат тек Кеңес одағы кезінде ғана көрсетілген. Бүгінде ағылшын ғалымдары біздің бұл еңбегімізге қызығушылық білдіріп, оның аудармасын жасап беруді өтініп отыр», - дейді А.Ісмақова.