Ағылшын патшайымының ардагерге тарту еткен сыйлығы Оралдағы мұражайға қойылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - 9 мамыр мерекесіне орай арнайы ұйымдастырылған «Қарт Орал» мұражайындағы көрме маусымның аяғына дейін созылады, деп хабарлады «Уральская неделя».
Мұражай қызметкерлері көрмеге сирек кездесетін жәдігерліктерді қойды, олардың арасында ескі газеттер, мұрағат құжаттары, тіпті біздің ардагерге Англия патшайымы сыйлаған гимнастерка да бар.
«9 мамырға орай біз Ұлы Отан соғысына арналған арнайы көрме аштық. Көрмеге келген Сталинград шайқасына қатысушының туыстары марапаттау қағазын әкелді», - деп жәдігерлікті көрсетті «Қарт Орал» мұражайының директоры Геннадий Мухин.
Сондай-ақ Геннадий Леонидович Америка 1942 жылы Қызыл Армияға көмекке берген 75 мың телефон бергенін айтты, мұражайға қойылған солардың бірі қазірдің өзінде жұмыс істеп тұрған көрінеді.
«Соғыс кезінде халық тарелка деп атап кеткен радио әр үйде болды. Осы радиодан халық соғыстың басталғанын естіді», - дейді мұражай директоры.
Байланыс құралдарынан басқа мұражайда ППШ автоматтары, сарбаз каскасы, гранаталар, құжаттар, погондар, орден-медальдар және басқа да майданнан әкелінген заттар бар. Оралдық майдангер журналист Николай Григорьевич Чесноков гимнастерканы мұражайға берген. «Ол соғыстан кейін де Армияда қызмет еткен, сол кезде Англия патшайымы бірқатар офицерлерге гимнастерка сыйлапты. Олар қымбат материалдан тігілген. Майдангер оны осы кезге дейін сақтап, бізге берді», - дейді Геннадий Мухин.
«Біздегі жиналған экспонаттардың бәрін де 11 жыл ішінде Орал қаласының тұрғындары тарту етті», - дейді Мухин.