Ағылшын тілді жазушыларға арналған жаңа әдеби сыйлық тағайындалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұлыбританияда жаңа «Folio» әдеби сыйлығы тағайындалды. Бұл туралы классикалық әдебиет туындыларын шығарумен айналысатын жүлденің демеушісі және ұйымдастырушысы Folio Society баспасы мәлімдеді.

Ағылшын тілді жазушыларға арналған жаңа әдеби сыйлық тағайындалды

«Folio» - әлем бойынша ағылшын тілінде жарық көрген кітапқа ең қомақты көлемде сыйақы беретін байқау әрі оған кез келген ағышшын тілді жазушы қатыса алады. Оның ақшалай жүлдесі 40 мың фунтты (66 мың долларды) құрап отыр. Бұл ағылшынның әйгілі әдеби Букер сыйлығының ақшалай жүлдесінен (82 мың доллар) 10 мың фунтқа ғана (16 мың долларға) аз екен.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, алғашқы «Folio» сыйлығын табыстау салтанаты алдағы наурыз айында Лондон қаласында өтеді, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС.