Ағылшын тілін оқуға ниетті мұғалімдердің тізімі жоспардан асып түсті

АСТАНА. ҚазАқпарат - 12 мың мұғалім ағылшын тілін тереңдетіп оқитын болады. Бұл туралы есепті кездесуде ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

«Ағылшын тіліне тоқталатын болсақ, 10-11 сыныптарда  4 пәннен сабақ беретін жалпы 16,5  мың мұғалім керек. Биыл 5 мың мұғалім тереңдетілген дайындықтан өтеді деп жоспарладық. Атап айтқанда, дайындықтың түрлі деңгейлері бар, олардың ішінде еңбекақасын сақтап, іссапар шығындарын төлей отырып ең ұзақ 9 айлық дайындық қамтылған. Алайда 5 мыңның орнына бізге 12 мыңы жазылды»,-деді министр. 

Ол осы орайда педагогтарды оқытуға қосымша қаржы бөлінгенін атап өтті.

«Алдағы жылы да осы бағытта 12 мың мұғалімді оқытуды жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар 2017-2018 жылдары ағылшын тілінде сабақ жүргізуге қабілетті 5 мыңға жуық магистрді, бакалаврды, колледж түлектерін даярлаймыз»,-деп нақтылады Сағадиев.

Соңғы жаңалықтар