Ағымдағы 2010 жыл ғаламшар бойынша температуралық рекордқа толы жыл болып отыр

АСТАНА. Тамыздың 9-ы. ҚазАқпарат - Ағымдағы 2010 жыл ғаламшар бойынша температуралық рекордқа толы жыл болып отыр, бұл туралы британдық «Таймс» газетіне сілтеме жасап ИТАР-ТАСС агенттігі хабарлады.

Ағымдағы 2010   жыл      ғаламшар бойынша  температуралық рекордқа толы  жыл болып  отыр

Жылдың аяқталуына әлі 5 ай қалғанына қарамастан, қазірдің өзінде әлемнің 16 елі өз аумағында ұлттық рекордтар тіркеп отыр. Оның ішінде, 15 елде ең жоғарғы температура рекорды тіркелсе, бір елде - ең төменгі температура тіркеліп отыр.

Бірнеше айдан бері аптап ыстықтан, соның салдарынан туындаған орман өртінен зардап шегіп отырған Ресейді айтпағанда, оңтүстіктен - солтүстікке қарай Финляндиядан Кипрге дейінгі аралықта, ал батыстан -шығысқа қарай Колумбиядан Соломон аралдарына дейінгі аралықта көптеген жерлерде ыстықтың ең жоғарғы көрсеткіші тіркеліп, бұрын-соңды тіркелмеген 44 градусқа дейін көтерілген өңірлер бар.

Ал онсыз да ыстық Парсы шығанағы елдерінде, оның ішінде Катар, Сауд Арабстаны, Ирак және Куәйт елдерінде ауа температурасы тарихи максимумға жетіп, 50 градустан асса, Пәкістанда тіпті 53,5 градусқа дейін күн ысыған. Бұл жаңа азиялық рекорд болып табылады.