Ағымдағы аптада Үкімет басшысы мен вице-премьерлердің қатысуымен 8 ведомствоның алқа мәжілісі өтеді

АСТАНА. 28 қаңтар. ҚазАқпарат - Ағымдағы аптада Үкімет басшысы мен вице-премьерлердің қатысуымен 8 ведомствоның алқа мәжілісі өтеді. Бұл туралы бүгін Астанада өткен брифингте ҚР Президенті жанындағы орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев мәлім етті.

Ағымдағы аптада Үкімет басшысы мен вице-премьерлердің қатысуымен 8 ведомствоның алқа мәжілісі өтеді

«Осы аптада ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметовтің, Үкімет басшысының бірінші орынбасары - Өңірлерді дамыту министрі Бақытжан Сағынтаев, сондай-ақ вице-премьерлер Қайрат Келімбетов пен Ербол Орынбаевтың қатысуымен 8 министрлік пен агенттіктердің кеңейтілген алқа отырыстары өтеді. Аталған алқа мәжілістерінде 2012 жылдың басты қорытындылары межеленбек. Елбасы белгілеген мақсаттардың негізінде алқа отырыстарының аясында көлік инфрақұрылымын дамыту, әлеуметтік саясаттың жаңа бағдарлары, ана мен баланы қорғау, денсаулық сақтау, «Жасыл экономика» жүйесі мен білім берудің жаңа жүйелеріне қатысты мәселелер талқыланады деп жоспарлануда»,-деп түйді А. Әбибуллаев.